Қостанайда дауыс бергендер арасында сауалнама өтті

Қостанайда референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама жүрді.

Адамдардың аты-жөні көрсетілмей, тек анонимді түрде қалай дауыс бергені сұралды. Соның нәтижесі бойынша референдумның алдын-ала қорытындысы шығарылады. Сауалнама жүргізетін әлеуметтік зерттеулер институтының өкілдері дауыс беру басталғаннан аяқталғанға дейін жұмыс істейді.

Ксения Галиева, әлеуметтік зерттеулер институтының өкілі:

- Дауыс беріп шыққан адамдардың арасында сауалнама жүргіземіз. Бірінші кезекте қандай таңдау жасағанын сұраймыз, сосын нақты ұстанымын, пікірін білуге тырысамыз. Жиналған мәліметтерді өңдеп, интеграция институтына жібереміз. Ол жерде барлық ақпарат терең сарапталады.