Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 185 жыл

Бүгін ағартушы, жазушы және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай Қостанайда тағылымды іс-шара өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Жиынға ұлт ұстазының мұрасын зерттеуші ғалымдар, педагогтар, Ресейден келген қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Қазақ даласында зайырлы мектеп білімінің негізін қалаған ұлы тұлғаның мұрасы, гуманистік идеялары айтылды. Сарапшылар Алтынсарин мұрасы бүгінгі күні де өзектілігін сақтап, жаңа ұрпақ үшін рухани бағдар болып қала беретінін атап өтті.

Алмасбек Әбсадық, филология ғылымдарының докторы:

– Биыл өзгеше форматта өтіп жатыр. Көрші Ресейден қандастарымыз шақырылған екен. Бұл біздің екі ел арасындағы қарым-қатынасты бекітуге, сонымен қатар Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын Ресейлік қандастарымызға да таратуға үлкен зор мүмкіндік ашады ғой деп ойлаймын.

Сондай-ақ оқыңыз: