Қызылорда облысында диқандар дауыс берді

Қызылорда облысының Шиелі ауданында ақ күріштің атасы, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың ұрпақтары Референдумда дауыс берді.

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ерінің әулеті маңызды науқанға бір кісідей қатысты. Олармен бірге дала академигінің ізін жалғаған күрішшілер қауымы да дауыс беру учаскесіне ұжыммен келді. Айта кетейік, Шиелі ауданында 40 референдум учаскесі бар.

Гүлнар Қитанбаева, Шиелі ауданының тұрғыны:

- Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Ыбырай Жақаев - ақ күріштің атасы, батыр атамыздың келіндері болып, балалары болып, немерелері, шөберелері болып, бүгін референдумға келіп, өз таңдауымызды жасадық.