Жетісу облысында референдумда 30 адамнан тұратын тұтас әулет дауыс берді
Жетісу облысында референдумға тұтас әулет болып келіп азаматтық ұстанымын білдіріп жатқандар бар. Жаңаталап ауылында 30 адамнан тұратын жақын туыстар бір уақытта дауыс берді.
Мемлекет деңгейдегі маңызды шарадан қалыс қалмай, өз таңдауын жасаған Тасыбаевтар отбасын 30 шақты немере 40-тан аса шөбере сүйіп отырған Күлбағира апа бастап келді. Жалпы өңірде 462 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп жатыр. 440 мыңнан аса адам дауыс беруге құқылы.
Күлбағира Тасыбаева, Жаңаталап ауылының тұрғыны:
- Ел-жұртқа жақсылық тілеймін. Мәртебелері биік болсын! Алла Тағала жақсылығын беріп, заман тыныш болсын!