Шетелдегі 9050 азамат өз таңдауын жасады
Шетелдегі отандастарымыз да маңызды шарадан қалыс қалмады.
54 елде 71 референдум учаскесі жұмыс атқарып жатыр. Оның кейбірінде дауыс беру уақыт айырмашылығына байланысты түнгі сағат 03:00-де басталған. Соның 14-і бүгінгі таңда жұмысын аяқтады. Әзірге жырақта жүрген 9050 азамат өз таңдауын жасап үлгерді. Ал АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі ең соңғы болып, ертең, яғни 16 наурызда Астана уақытымен таңғы сағат 08:00-де жұмысын аяқтайды.