Референдум-2026: тәуелсіз байқаушылардың қорытындысы

Алматыда Қоғамдық коммуникациялар орталығында Тәулсіз байқаушылар ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті.

Байқаушылардың айтуынша заңбұзушылық болған жоқ. Күні бойы дауыс беру учаскелерінде референдумға қатысты жалған ақпарат немесе арандатушылық фактісі тіркелмеген. Штаб өкілдері ақпараттық алаңның жұмысы таңғы сағат 07:00-де басталғанын мәлімдеді. Күні бойы штаб халықты жедел ақпаратпен қамтамасыз етіп, референдумнің өту барысын тікелей эфирде жариялап отырды. Мұндай формат Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Жалпы 11 сағатқа созылған тікелей эфирді 1 миллионнан астам адам көрді. Ал штабтың материалдары мен жазбалалары 20-дан астам бұқаралық ақпарат құралында жарияланды. Елдің 15 өңірімен тікелей байланыс орнатылып, аймақтағы ахуал туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ бұл жұмысқа 30-дан аса тәуелсіз журналист тартылды.

Диана Малаева, «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің өкілі:

- Бүгін біздің байқаушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Айтулы шараға өте мұқият дайындалдық. Бұған дейін айтқанымыздай, байқаушылардың басым бөлігі екінші рет, үшінші рет қатысып отыр. Сондықтан олардың тәжірибесі бар. Алдағы уақытта біз барлық өтініштер мен ескертулерді талдап, дайындық деңгейін одан әрі жетілдіру бағытында жұмыс істейміз. Жалпы дауыс беру үрдісі әрдайым ашық өтуі үшін күш саламыз.