Қорғаныс министрі арнайы жасақ бөлімдерін тексерді
Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Арнайы операциялар күштерінің Астанадағы әскери бөлімдерін тексерді.
Онда ведомство басшысы Әскери инфрақұрылымның құрылысқа қатысты баяндамасын тыңдады. Мұнда жауынгерлік бөлімшелерді, штаб пен медициналық пунктті орналастыру жоспарланған. Жұмыстың сапасын тексерген министр нысандарды пайдалануға берудің мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігін атап көрсетті. Сондай-ақ бөлім қолбасшылығы арнайы операциялар күштерінің жауынгерлік дайындық деңгейін қамтамасыз ету үшін алдағы сатып алу жоспарлары да таныстырылды. Тексеру қорытындысын жасаған Қорғаныс министрі жол картасын іске асырумен қатар бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.