Арқаға ұзақ қарға оралды
Көктемнің алғашқы хабаршысы қар көбесі сөгіле бастағанда-ақ ұшып келеді. Ұзақ қарға табиғат санитары іспетті. Негізінен жәндік-құрттармен қоректенеді.
Егістік, бау-бақшаға пайдасы көп. Қалалық жерде тамақ қалдықтарын жеп, айналаны қоқыстан тазартады. Қою қара түсті, маңғаз құс қарғаға қарағанда кішірек. Салмағы - 400-500 грамм. Арқаға елдің оңтүстігінен ұшып келеді. Кейінгі жылдары климаттың жылуы және қалдық-қоқыс көп болған соң қыстап қалатындары да кездеседі.
Сәкен Келдібаев, экобелсенді:
- Қарғалар секіріп жүрсе, ұзақ құсы ол нық басып, асықпай жүреді. Олардың көбі қазір бізге оңтүстіктен келді. Бір аптадан асты. Соңғы кезде Қарағанды өңірінде ұзақ қарғалар қыстап қалып жүр.