Өнерде тоғысқан тағдырлар
Жамбыл облысында өнерде жүріп шаңырақ көтерген отбасы көп.
Мәселен, біра ғана облыстық филармонияда 20-ға жуық жанұя өнер көрсетеді. Ал аймақтық театрда отбасылы 7 жұп бар. Олар өңірдің мәдениет саласына үлесін қосып қана қоймай, отбасының да түтінін түтетіп отыр.
Әбдрахмановтар отбасын шағын ансамбль деуге болады. Отағасы Наурызхан Жамбыл облыстық филармониясы оркестрінің бас домбырашысы. Ал жұбайы Айман жетіген аспабында ойнайды. Өнер иелері 10 жыл бұрын отау құрған. Содан бері бір ұжымда еңбек етіп, бір сахнада жұптарын жазбай келеді. Әрқайсысы домбыра, фортепиано, жетіген, прима, шертер, гитара, баян сынды аспаптарды меңгерген. Қазір балаларын да өнерге баулып жүр.
Айман Шерметова, жетігенші:
- Бір ұжымда болғандықтан пайдасы өте мол. Түсінеміз. Мен ойнау барысында түсінбей жатқанымды жолдасым түсіндіреді. Отбасыда ең басты құндылық ол бір-бірімізді түсіну болып табылады біз үшін. Қандай жағдай болмасын көптеген қиыншылықтар да болады арасында, қызықшылықтар да болады. Бәрін бірге бөлісеміз. Қайда барсақ та бірге жүреміз.
Наурызхан Әбдрахманов, домбырашы:
- Қызым да сурет саласына жақын. Өзім кішкентайымнан домбыра тартқаннан кейін балам да домбыра тартқанын қаладым. Скл Жалпы алдағы уақытта осы домбыра саласында домбыра маманы болып кетсе мен оған қарсы емеспін. Қайта қуанамын. Оған қолдау көрсетуге дайынмын.
Ұжымда Әбдрахмановтар отбасы ерекше құрметке ие. Әріптестері оларды өнерге адал, бір-біріне тірек бола білген жарасымды жұп ретінде таниды.
Дастан Амангелдіұлы, "Алатау" фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі:
- Оркестрдің өзін алып қарайтын болсақ 3-4 отбасы бар. Скл Бірге жұптарын жазбай жүредң. Өнерде де өмірде де бірге жүреді. Өнер жолы деген өте қиын жол ғой. Сондықтан бір-бірлерінің қиыншылықтарын түсініп өмір сүруге де өздеріне жақсы болады да.
Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрында да өмірлерін өнер тоғыстырған 7 жұп бар. Солардың бірі Нұрсұлтан мен Заринаның отбасы. Театр актерлары 12 жыл бұрын бас қосқан. Осы уақыт аралығында 40-тан аса спектакльде бірге ойнап, сахна мен тұрмыста жарасымды жұпқа айналды.
Нұрсұлтан Маханов, Жамбыл облыстық Академиялық қазақ драма театрының артисі:
- Әкем де менің музыкант аспапта ойнайды. Анам да аспапта ойнайды. Бірге жұмыс істеген. Бәлкім сол әке шешемді көріп өскеннен кейін бір-бірін қалай түсінетінін бір мамандықта жұмыс істейтін мамандарды көріп өскеннен кейін маға ол қорқынышты болмаған шығар. Бір жағы актер адамға жарының түсінгені жақсы. Мысалы, қандай рольді ойнасаң да мен оны түсінем, ол мені түсінеді. Өйткені бұл жұмыс. Біз профисионалды түрде қараймыз.
Өнер мен өмірді қатар алып жүрген мұндай отбасылар өңір мәдениетінің дамуына үлес қосып келеді. Өнер арқылы ұрпақ тәрбиесіне де үлес қосып жүрген осындай әулеттер көпке үлгі.
Мерей Бает Тимур Сейілхан Елдар Байділдә