Қазақстандықтар Наурызды қалай тойлайды?

Наурыз Жер-ананың бусанатын, еңбектенетін, қайырымдылық жасайтын, үлкеннің батасын алып, бір үйлесімге келетін кездің бастауы деп қабылданады. 

Бұрындары мерекеге орай арқаны кеңге жайған қазақ халқы 30 күн ойын, 40 күн тойын жасаған. Ал қазіргі дамыған заманда тұрғындар жыл басы саналатын Наурызды қалай қарсы алмақшы? Сауалнама жауабын тыңдап көрелік.

БЛИЦ

- Қазақтың салт-дәстүрі болғандықтан үйде отбасымызбен бірге ұлттық тағамдарды дайындап және бір-бірімізге кіріп-шығып, амандықтарымызды тілеп, сәлемдеріміз дұрыс болып, осылай бір-бірімізді қауышып қуанышты болып жүре береміз.

- Наурыз көже жасап, бәйтерек, ЭКСПО алдында болатын мерекелік кештерге қатысамыз. Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы болғаннан кейін әрбір қазақ тойлауға тиіс деп ойлаймын.

- 10 күн тойлайтын мүмкіндік туды. Ең бірінші Көрісу амалынан басталса, кеше қайырымдылық күні, бүгін міне шаңырақ күні. Қандай керемет қазақтың ежелгі дәстүрі.