Астанада Арнайы операциялар күштеріне қарасты бөлімшелер тексерілді
Қорғаныс министрі бірқатар нысанға арнайы барып, құрылыс барысын қарады.
Жоспарға сәйкес, мұнда жауынгерлік бөлімшелер, штаб пен медициналық пункт орналасады. Ведомство басшысы құрылысты кестеден кешіктірмей аяқтауды қатаң тапсырды. Дәурен Қосанов сондай-ақ тәуліктік кезекшілік өткізу орны мен қару-жарақ сақтау қоймаларының жай күйін назарға алды. Жауынгерлік дайындық деңгейін арттырып, жеке құрамның жабдықталуын жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.