Талдықорғанда жергілікті тұрғындарға ЖИ-мен жұмыс істеу көрсетілді

Талдықорғанның қақ ортасында жергілікті тұрғындарға жасанды интеллектімен жұмыс істеу жолдары үйретілді.

Іс-шарада IT саласының мамандары көпшілікке арнайы бағдарламалардың көмегімен фото- және видео жасау мүмкіндіктерін көрсетіп, олардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Әз-Наурыз мерекесіне орай қатысушыларға суреттерді ұлттық нақышта безендіру тәсілдері де таныстырылды. Мамандар жасанды интеллект арқылы мәтін жазу, ұйқасты өлең шығару, және әуен қосу секілді шығармашылық мүмкіндіктерді де көрсетіп, заманауи технологиялардың қолжетімді екенін атап өтті. Тұрғындарға жасанды интеллектінің қандай салаларда қолданылатыны, және оның күнделікті өмірдегі пайдасы жөнінде ақпарат беріліп, қатысушылар арасында жасанды интеллекті туралы сауалнама жүргізілді.

Ажар Қарсыбаева, қала тұрғыны:

- Қазіргі заманға сай өте керек нәрсе деп ойлаймын. Әрі жастарға жұмыстарын жеңілдету үшін  қоғамда, жұмыстада өте пайдасы зор деп ойлаймын. Өзім де оқып жатырмын.

Маржан Мүлкебаева, "Jetisu Digital" аймақтық it хабының менеджері:

- Бұның мақсаты халықтың қызығушылығын ояту, халыққа жасанды интеллекті не екенін көрсету. Қандай дұрыс промпттар жазу керек екенін түсіндіреміз.