Өскеменде «Шығыс жылу» кәсіпорнына 3,5 млн теңге айыппұл салынды
Қалалық экологтар тұрғындардың шағымынан кейін жоспардан тыс тексеру жүргізіп, №2 қазандықтан бөлінген көмірқышқыл газының мөлшері рұқсат етілген шектен 4 есе асып кеткенін анықтады.
Мамандардың мәліметінше, зиянды қалдықтардың артуына негізгі себеп – шаң мен газды ұстап қалатын сүзгінің толық жұмыс істемеуі. Тексеру кезінде бұл құрылғының бұзылып тұрғаны белгілі болды. Осыған байланысты жауапты мекемеге маңызды сүзгіні қысқа мерзім ішінде қалпына келтіру жөнінде нұсқау берілді.
Меруерт Жарлығасымова, ШҚО Экология департаментінің бөлім басшысы:
- Тексеріс барысында бақылау өлшеу жабдықтарын қолдандық. Нәтижесінде көміртек диоксидінің мөлшері 4 есе артып кеткені байқалды. Сонымен қатар кәсіпорында желсіз күндері шығарындылар көлемін азайту туралы талаптар да бұзылып отыр.