Солтүстік Қазақстанда 112 елді мекенге су жайылу қаупі бар

Елде қарғын судың қаупі басым аймақтың бірі - Солтүстік Қазақстан. Мамандардың болжауынша, өңірде 112 елді мекенге су жайылуы мүмкін.

Осыған байланысты ауыл-аймақтарда арнайы қызмет тәулік бойы жұмыс істеп, қар шығару, арықтар қазу және су өткізгіштерді тазалау жұмыстарын белсенді атқарылып жатыр. 

Айдарбек Айтмұхаметұлы, тілші:

- Бұл Петропавлдан не бары 15 шақырым жердегі Бескөл ауылы. Қызылжар ауданының орталығында 120-ға жуық көше бар. Қазір мамандар қыс бойы жиналған қарды тура үйлердің алдынан әкетіп жатыр.

Бескөл ауылында 15 мыңға жуық адам тұрады. Солардың бірі – Оксана Склярова. Қазір ол қарды көшеге шығарып тастауға жанталасып жатыр. Өйткені үй алдында арнайы техникалар жүр.

Оксана Склярова, Бескөл ауылының тұрғыны:

- Қыс қарлы болды. Қазір оны ауладан көшеге шығарып жатырмыз. Үйім ойпаң жерде тұр. Сондықтан еріген қар суы жиналып қалуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері су басуы мүмкін 112 елді мекенді бақылауға алды. Қазір барлық ауданда қар шығару жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен қатар мамандар арықтар мен су өткізгіш құбырларын тазартады. Оған қосымша күш жұмылдырылады.

Бахтияр Бикенов, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:

- Бүгін кешке Ұзынағаш қаласынан көмекке 50 сарбаз келеді деп жоспарланып отыр. Олар Қызылжар ауданы бойынша арықтарды тазалау жұмыстарына жұмылдырылады. Сонымен қатар бөгеттерді нығайтуға 250 мың қап құм дайындалады.

Өңірде көктемгі тасқынның алдын алу үшін кешенді жоспар бекітілген. Облыс бойынша 23 шақырым қорғаныс бөгеті нығайтылып, 15 су өткізгіш құбыры салынды. Қазір қауіпті деген су айдандарында мұз жару жұмыстары атқарылып жатыр. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков