Қонаевта жұртқа жасанды интеллектті қолдану тәсілдері үйретілді

Қонаев қаласында стартап жоба авторларына, жасанды интеллектіні бизнес пен күнделікті өмірде қолдану тәсілдері үйретілді.

Digital Nauryz шеңберінде ұйымдастырылған шеберлік сағаттары, нейро-жүйені контент қалыптастыру және мемлекеттік қызмет алу мақсатында пайдалануға арналған. Аталған бастама тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттырып, елде жасанды интеллект технологияларын кеңінен насихаттау бағытында жүзеге асып жатыр.

Әлемнұр Тұрысбекова, цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы:

- Диджитал наурыз аясында бізде Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы жасанды интеллект құралдарын қалай қолдануға болады, қалай стартаптарға көмегін тигізе алады деген мақсатта осындай іс-шара ұйымдастырылып отыр. Қазір енді дамып кетті ғой жасанды интеллект, соны қалай дұрыс арнаға бұру өзіңізге пайдалы болатындай, соны үйреткелі жатырмыз.