Жылу электр орталықтарының 59% тозып тұр

Елдегі жылу орталықтарының тозу деңгейі 61-ден 59%-ға дейін төмендеді.

Үш нысан «жасыл аймаққа» ауыстырылып, тоғызы «қызыл аймақтан» шығарылды. Бұл жайлы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Қазақстанда 37 жылу электр орталығы бар. Оның 10-ы «жасыл аймақта», 17-сі «сары аймақта», ал 10 станция әлі «қызыл аймақта» тұр. Ведомства башысы қауіпті нысандарды жаңғырту жұмыстарын жедел әрі жүйелі жүргізуді тапсырды. Биыл проблемалық нысандар бойынша 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- Тарифті инвестицияға айырбастау бағдарламасын сәтті іске асырудың арқасында, ЖЭО-ның тозу деңгейі 61 пайыздан 59 пайызға дейін төмендеді. Сондай-ақ 123 млрд килловат сағат көлемінде электр энергиясын өндіру бойынша рекордтық көрсеткішке қолжеткізілді. Сонымен қатар энергия көздерінің негізгі жабдықтарының жұмыс сенімділігі айтарлықтай артты.