Жаңару күні – рухани жаңғыру мен жоспар құру кезеңі
Шымкентте «Жаңару күні» ауқымды экологиялық іс-шаралар қолға алынды.
Қала тұрғындары мен еріктілер айналаны абаттандырып, жаппай ағаш көшеттерін егу мен тазалық жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысты. Жұрт бұл күнді, тек табиғаттың оянуы емес, рухани жаңғыру мен келешекке жоспар құрудың маңызды кезеңі ретінде қабылдайтынын айтады.
БЛИЦ
- Жыл да тойлаймыз наурызды. Биыл да мықты дайындық үстінде. Өзіміз көріп жатырмыз. Қазір жан-жақтың бәрі наурызға кірісіп жатыр. Осындай қазақтың мейрамдары көп болғаны дұрыс. Салт-дәстүрлердің бәрі арта берсе нұр үстіне нұр болады деп ойлаймын.
- Қазақтың жаңа жылы наурыз дейді. Сол сияқты біз наурызды әрі жаңа жыл ретінде қабылдаймыз. Ол күндері аулаға шығып, тазалап, тал егумен және де жер ананың жібіп, табиғаттың жаңарып, көктемдік іс-шаралар бар. Солар есімізге түседі.
- Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін сәті. Яғни бұл деген сөз біздің наурыз мерекесі мұсылман халқының жаңа жылы. Жаңарудың, ескі өкпе, реніштің бәрі кешіріліп, жаңа өмірге бастау. Ең бастысы еліміз тыныш болсын. Ұлттық құндылығымыз дами берсін дегім келеді.