Жасанды интеллект тоғызқұмалақ ойнайды

Тоғызқұмалақ ойынын жасанды интеллектімен ойнауға болады. Нейрожелінің ұлттық ойынды меңгеріп алғаны сонша, оны ұту оңай болмай  тұр.

Тіпті ең мықты тоғызқұмалақ шеберлері жасанды зерде қарымына ілесе алмай келеді. Федерация тарапы жоба авторымен байланысты бекемдеген. Енді олар компьютерде ғана қолжетімді ойынды ұялы телефонға бейімдеуге кіріспек. Оған дейін тың өнертабыс Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде қорғалады. Сәтін салса, ұлттық ойынның аясын кеңейту жоспары бар.

Дәулет Әбдікәрімов, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы:

- Абылай деген өнертапқыш ЖИ арқылы тоғызқұмалақ бағдарламасын ойлап тапты. Қазіргі таңда ЖИ компьютерде тұрған бағдарлама. Ол адаммен ойнап сайысып жатыр. Адам осы уақытқа дейін ЖИ-ні ұтқан жоқ. Сол себепті біз оның күрделілігін көріп отырмыз. ЖИ даму қарқыны біздің тоғызқұмалақта жоғары деңгейде.