Қонаевта әз-Наурыз мерекесі жаңа форматта өтті

Алматы облысында ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесі жаңа форматта өтті.

Digital Nauryz жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар ұлттық салт-дәстүрімізді заманауи технологиялармен ұштастыруға бағытталған. Қонаев қаласындағы орталық алаңға ақшаңқан үйлерде салт-дәстүріміз көрсетіліп, қонақтарға ұлттық тағам түрлері ұсынылды. Биылғы мерекенің бір ерекшелігі ретінде цифрлық аймақтар құрылғанын айта кеткен жөн. Алаңда үстіне ұлттық киім киген роботтардың қыдырып жүруі жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Ал аспаз-робот бауырсақ пісіріп, жұртты жылдамдығымен тәнті етті. «Жасанды интеллектке негізделген цифрлық технологиялар мерекені жаңа мазмұнда атап өтуге толық мүмкіндік береді», - деді мамандар. Қонаевта Наурыз мерекесіне арналған мәдени көпшілік іс-шаралар кешке эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертке ұласады. Оған жалпы саны 15 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Өңірде наурызнама онкүндігі бойынша 300-ден астам іс-шара өткенін айта кетейік.

БЛИЦ:

- Әрине бүгін көктемнің керемет шуақты мерекесі, Наурыз мерекесі, міне, Қонаев қаласының орталық алаңында өтіп жатыр. Керемет көңіл-күймен қатысып жатырмыз, балаларымыз да бүгін өздерінің өнерлерін көрсетеді. Сонымен қатар дамыған жаңа технологияларымыз бар.

- Наурыз мерекесі осы жолы ерекше өтіп жатыр. Себебі цифрлық даму және референдумнан кейін Наурыз мейрамы бір ерекше жаңа жылдың басы деп санауға болады деп ойлаймын.  

- Жақсы деңгейде атқарып жатырмыз. бәрі бірауыздан қатысып, мекемелердің бәрі бүгін өздеріңіз көріп жатырсыздар бірауыздан қатысып жатыр. Бұл біздің үлкен мейрам болғаннан кейін береке-бірлікке әкеледі.