Президент атына Наурыз мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Ел Президентінің атына шет мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсті.
Сондай хаттардың бірінде Ресей Президенті Владимир Путин екі ел арасындағы ықпалдастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаев пен қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, Президентке денсаулық, еңбегіне табыс тіледі. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Наурыз – қос ел халықтарының тұрмыс-тіршілігіндегі айтулы күн екенін атап өтсе, Қырғызстан көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі. Сонымен қатар ізгі тілектерін Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Беларусь, Иран Президенттері жолдады.