Наурыз – жарқын жыл басы
Ақтөбеліктер үшін осынау айтулы мереке күні 1,5 тонна наурыз көже дайындалды. Мерекелік шара таңғы 10:00-ден бері барлық орталық алаңда өтіп жатыр.
Сән-салтанатты киіз үйлер бой түзеп, өнерпаздар сахна төріне шықты.
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Жергілікті және елімізге танымал өнер иелерінің концерттік бағдарламасы сағат 11:00-де басталып, екі сағат ішінде тәмәм болғанымен, халық орталық алаңнан тарқап жатқан жоқ. Шат-шадыман тұрғындар бір бірін құттықтап, Жылқы жылының берекелі болуын тілейді.
Бүгін Ақтөбенің орталық алаңдарында 52 киіз үй тігілді. Мерекеге жиналған халыққа арнап 1,5 тонна көже асылып, 1 тонна бауырсақ және 2,5 тонна палау пісірілді. Барлық мәдениет мекемелерінде театрландырылған қойылымдар, концерт өтті.
Ал орталық алаңда «Наурыз-жарқын жыл басы» мерекелік бағдарламасы жалғасып жатыр.