Астанада Наурыз мерекесі айрықша тойланды

Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, ізгілік пен игіліктің мерекесі.

Осы күндері әр үйде ақ дастарқан жайылады. Ел-жұрт бір-бірімен қауышып, ақ тілегін айтады. Ұлық мерекені Астана тұрғындары да бар сән-салтанатымен атап өтті. 

Ұлыстың Ұлы күні әз Наурызды атап өтуге асыққан халықта есеп жоқ. ЭКСПО халықаралық көрме орталығында келушілердің көзін қызықтырар дүние көп. Кешеннің бір бөлігінде ұлттық дәстүрлер ұлықталып жатса, енді бір аумағында ұл-қыздар алтыбақан теуіп мәре-сәре болысты. Десе де, көпшіліктің назары вируталды экспозияға ауғаны жасырын емес. Биылғы думанның басты ерешелігі де сол. Наурыздың мән-маңызы сандық технологиялар арқылы дәріптелді. 

Әділ Орынбасарұлы, ұйымдастырушы:

- Қазіргі таңда біз өскелең ұрпаққа Жасанды интеллект және  цифрлық бағытты ұлтттық құндылықтарды біріктіріп, байланыстырып, жаңа форматта ұсынатын болсақ, біздің салт-дәстүріміз де, ұлттық құндылықтарымыз да жа ұрпақтың санасына жақсы деңгейде жетеді деген ойдамыз.

Отандық киім дизайнерлерінің сән үлгісі, қолөнер шеберлерінің бірегей бұйымдары. Наурыздың нақышындай болған төл жәдігерлер бұл күні төрден табылды.  Иә, ұлыстың ұлы күніндегі мерекелік думан елдің бірлігін бекемдеп, әр жүрекке жылулық сыйлады.

БЛИЦ:

- Өте тамаша болып тұр. Үйлесім тауып тұр барлығы. Ана жақта қызғалдақтардың жәрмеңкесі болып жатыр, мына жақта кітаптардың.

- Халық көп. Ауа райы да күшті болып тұр. Жаңа жылымыз құтты болсын қазақтың!

- Бүгін сол Ұлыстың Ұлы күнінде әдейі балаларды алып шықтық. Қазақтың батырын көрсетейік деп. Асық ойнадық. Ләңгі тептік.

- Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! наурыз барлығымызға қуаныш әкелсін!

- Отбасымызбен демалып жүрміз. Мереке жоғары дәрежеде өтіп жатыр. Баршаңызға береке, молшылық, байлық тілеймін.

- Наурыз құтты болсын!

Назерке Тоқжан