Түркістанда 10 мың түп көшет егіледі. LIVE

«Наурызнаманың» қорытынды 10 күндігі аясында Түркістан облысында экологиялық «Тазалық эстафетасы» басталды.

«Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде түркістандықтар ағаш егуді қолға алды. Өңірде қанша түп көшет отырғызуды жоспарлап отыр?

Жандос Жұмабек, тілші:

- Түркістан жұрты жыл басын тұтас ел болып, жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алды. Таңмен таласа тұрған мыңға жуық адам қаладағы «Жібек жолы» саябағына жиналды. Олардың арасында қарапайым қала тұрғындарынан бастап, еріктілер, коммуналдық, бюджеттік сала және мемлекеттік қызметкерлер, зиялы қауым өкілдері бар. Жиналған көпшілік «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін қаладағы саябақтар мен парк аумағына екі мың түр көшет отырғызуды жоспарлап отыр. Облыс бойынша 10 мың түп көшер отырғызылады деп күтілуде. Ал дәл қазір біз тұрған «Жібек жолы» саябағында түске дейін 500 түп қарағай, шырша секілді қылқан жапырақты ағаштар мен терек, үйеңкі көшеттері сап түзейтін болады.

Оңалбай Жұмабаев, «Жасыл Түркістан» мекемесінің бригадирі

- Оңтүстікте көктем ерте шығатындықтан, дәл осы уақытта көшет егудің пайдасы зор екенін айтады. Ағаш егу – тек табиғатқа ғана емес, қоршаған ортаның тазарып, экологиялық жағдайдың жақсаруына да өз септігін тигізеді. Ауадағы көмірқышқыл газы азайып, оттегі көбейеді. Нәтижесінде қала тұрғындары таза ауамен тыныстайды.

Мамандар бұл бастама тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгертуге сеп болатынын айтады.