Жетісу облысында «7 ozen» экологиялық акциясы басталды. LIVE
Республикалық «Тазалық эстафетасы» аясында ұйымдастырылған сенбілікке мыңнан аса адам қатысты.
Туған жердің табиғатын қорғауға үлес қосып жатқандардың қатарында біздің тілшіміз Шыңғыс Қалиден де бар. Экологиялық акция жеті өзеннің қайсысынан басталды?
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Жетісу облысындағы тазалық жұмыстары Талдықорғанды қақ жарып ағатын Қаратал өзенінен бастау алды. Себебі бұл - аймақтағы ең үлкен ағын сулардың бірі. Көксумен қосылып, айдынды Балқаш көліне барып құяды. Үш облыстың экожүйесін сақтауға ықпал етіп отырған өзен бойын көпшілік тұрмыстық қалдықтардан тазарта бастады. Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенділер мен еріктілер, қарапайым қала тұрғындары атсалысып жатыр. Солардың қатарында қала әкімінің орынбасары Жеңіс Аңдабеков те бар.
Қазір Көксу ауданында да «Мөлдір бұлақ» акциясы қайнар көздері тазаланып жатыр. Жалпы өңірде «Наурызнама» онкүндігі аясындағы сенбіліктерге 2,5 мың адам жұмылдырылып, елдімекендерден 75 тонна қураған бұтақтар, ағаш жапырақтары мен тұрмыстық қалдық шығарылды.