Шахтинскідегі жарылыс: 40 жастағы күдікті ұсталды
Бүгін түнде Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті, оның ішінде 5-еуі - полиция қызметкері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.
Жарылыс салдарынан пәтер өртеніп, құтқарушылардың күшімен баспалдақ арқылы жоғарғы қабаттардан 5 адам эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялаған, қалған тұрғындар өз бетінше ғимараттан шыққан. Тұрғындарға жылыту пункті ашылды. Өрт сөндіріліп, арнайы штаб құрылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру бойынша 40 жастағы күдікті ұсталған, қазір ол Шахтинск қаласының ауруханасында. «Кейін уақытша ұстау изоляторына ауыстырылатын болады», - деп хабарлады Қарағанды облысының Полиция департаменті қызметкерлері.