Тараздағы «Қарасу-2» каналының жағасы күл-қоқыстан тазартылды
Тазалық шарасына 50-ден астам мемлекеттік қызметкер мен коммуналдық мекеме маманы қатысты. Олар жағалаудан ондаған қап қоқыс жинап, қала сыртына шығарды.
«Мұндай санитарлық жұмыстар экологиялық мәдениетті арттырып, қоршаған ортаны таза ұстауға үндейді», - дейді ұйымдастырушылар.
Шыңғыс Ерғараев, Әулиеата ауданы әкімінің орынбасары:
- Бұл жердегі мақсатымыз каналдың бойына тазалық жұмыстарын жүргізу. Талдарды бұталау жұмыстарын жүргізу. Бұл жердегі абаттандыру жұмыстарын да дайындау. Қарасу каналы екі шағын ауданды жалғастырып тұрған арасындағы көпірлердің де тазалықтарын сақтау керек.