Оралда экологиялық акция өтті
Оралдық қоғам белсенділер Тұңғыш Президент алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Арықтар мен көгалдарға шашылған түрлі қалдықтарды жинап, қар мен мұзды оюға 300-дей адам атсалысты. Экологиялық акцияға қатысушылар қала тұрғындарын тазалық талаптарына немқұрайлы қарамауға үндейді. Сәуір айынан бастап өңірде жалпыхалықтық сенбіліктер өткізу жоспарланған.
Ольга Исаева, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
- Біздің шаһарда көктемді таза көшелермен қарсы алу дәстүрге айналып келеді. Қала – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан барлығы да ортақ іске тамшыдай болса да өз үлесін қосуы тиіс. Орал – экологиялық жағынан еліміздегі ең таза қаласы. Осыны сақтап, бағалай білуіміз керек.
Асылжан Хайруллин, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
- Қазіргі таңда ауа райына байланысты бізде көптеген жеріміз әлі кеппей жатыр. Сол себепті осындай қаламыздың орталықтарында орналасқан саябақтарды қалпына келтіру және сенбіліктер ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізетін боламыз. Төрт участок бойынша осындай сенбіліктер ұйымдастырылғалы жатыр. Сәуір айынан бастап жалпы қалалық сенбіліктерді бастайтын боламыз.