Шахтинскідегі өрт: күдікті ұсталды

Қарағанды полицейлері Шахтинск қаласында қасақана жарылыс ұйымдастырған күдіктіні ұстау сәтін жариялады. 40 жастағы ер адам көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде баллоннан газ шығарып, артынша  өрт қойған. 

Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен полиция қызметкерлері бірден тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Көп ұзамай күдікті қолға түсті. Еске сала кетейік, бүгін түнде Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті. Оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Ерік Шонбаев, Шахтинск қалалық ауруханасы директорының орынбасары:

-  23 наурыз күні Шахтинск қалалық ауруханасына жарылыстан зардап шеккен 8 адам жеткізілді. Олардың бесеуі – полиция қызметкері. Қазіргі таңда екі пациент жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары травматология бөліміне жіберілді. Зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.