«Таза Қазақстан»: Қонаевта 3000 көшет егілді
Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 3000 түп көшет егілді.
Облыс орталығында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына 30 мыңға жуық адам қатысып, олардың қатарында мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, жастар және еріктілер болды. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде 12 тонна қоқыс шығарылып, 45 гектар аумақ тазартылды. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін қалада тағы 20 мың жаңа ағаш егу көзделіп отыр. Мамандар мұндай бастамалар тек қоршаған ортаны жақсартып қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға да оң әсер ететінін атап өтті.
Бақытнұр Бақытұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары:
- Жалпы облыс бойынша наурыз және сәуір айларында бізде барлық аудандарда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына сай ағаш отырғызу жоспары көзделген. Одан бөлек «Таза Қазақстан» акциясының шеңберінде 23 наурыз күні «Мөлдір бұлақ» акциясы өтіп, бұлақ көзін ашу 6 ауданда өтті. Жылдан жылға «Таза Қазақстан» акциясына сәйкес, Алматы облысы бойынша біз қойған жоспарды уақытылы орындауды көздеп отырмыз.