Қостанайда полиция қызметкері соққыға жығылды

Дәрігер тұрмақ, полицейді ұрамыз. Қостанайда қоғамдық тәртіп бұзғандарға ескерту жасаған тәртіп сақшысы соққыға жығылды.

Полиция қызметкері жұмыстан тыс уақытта балаларымен бірге жүрген кезде масаң күйдегі бұзақыларға ескерту жасаған. Ал есірген топ оның өзін соққыға жыққан. Қазір күдіктілерге билік өкіліне күш көрсету бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Индира Нуруева, облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы:

- Барлық шабуыл жасаған тұлғалар анықталып, оқиға орнында ұсталды. Билік өкіліне шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкеріне қол сұғу - заңды тікелей бұзу болып табылатынын атап өтеміз.  Мұндай әрекеттер қатаң әрі ешқандай ымырасыз тоқтатылады. Әр кінәлі тұлға толық көлемде жауапкершілікке тартылады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.