Ақтөбеде Салық кодексін жетілдіру талқыланды

Салық ережелерін тұрақты түрде пысықтау керек.

Жаңа кодексті талқылауға арналған Ақтөбедегі дөңгелек үстелде Сенат депуттары осылай деп, мемлекет пен бизнес мүдделеріне сай келетін ортақ шешім табу мәселесін қарады. Олардың айтуынша, экономикалық ахуал құбылған кезеңде бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етуге де, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға да назар аудару керек. Бұл кездесудің мақсаты – қосылған құн салығы жөнінде бизнесті алаңдатқан мәселелерді көтеріп, жаңа мөлшерлемені есептеудің тетігін қарастыру. Мамандардың айтуынша, жаңа Салық кодексі неғұрлым қарапайым, ашық және әділетті жүйе қалыптастыруға бағытталған. Салықтар мен міндетті төлемдер азайып, жеңілдіктер оңтайландырылды. Сондай-ақ есеп-қисап қысқарып, цифрлық шешімдерді енгізу арқылы әкімшілік рәсімдер жеңілдетілді.

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Салық, жер түрінен арнаулы экономикалық аймақтар бойынша жеңілдіктер берілген. Сол себепті толық талдау жұмыстарын өткізіп, біз осыған нақты ұсыныс енгізуіміз қажет. Қай аймақта қандай жобалар іске асып жатыр? Себебі мемлекет тарапынан 500 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Неге? Ол сыртқы инфраструктура, жарық, газ, жол сынды мәселелер.