Елде есірткі жасырушылар тыйылмай тұр
Елде ескірткі жасырушылар тыйылмай тұр.
Биылдың өзінде дәл осындай 600-ден астам дерек анықталған. Бұл барлық ескірткі қылмысының 60 пайызы. Әсіресе ірі мегаполистер мен оған жап-сарлас аймақтарда өршіп тұр. Сорақысы сол, ескірткі жасырушылардың дені 16 мен 25 жас аралығындағы өрімдей жастар. Себебі олар оңай жолмен тез ақша табуға әуес, дейді мамандар. Ішкі істер министрлігі ескірті жасыру, ауыр қылмыс және оған жаза қатаң екенін ескертеді.
Медетбек Ысмағұлов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы қимыл комитетінің бөлім бастығы:
- Азғантай тиын тебен үшін барлық өмірге балта шабуыдың қажеті жоқ. Және тағы бір мәселе: жауапкершілік 5 жылдан 10 жылға дейін. Тағы бір мәселе азаматтар үшін: 296-бап бойынша егер қылмыс жасағаны үшін өзі келіп, қылмыстан бас таратын болса, онда жауапкершіліктен босату мәселесі қарастырылады.