Елде браконьерлік белең алды
Елдегі су айдындарын қатаң бақылауға алу қажет. Өйткені заңсыз балық аулау деректері көбейген.
Бірқатар өңірде әлі күнге дейін су нысандарының нақты тізімі жоқ, ал уәкілетті органдар тарапынан қадағалау төмен. Соның салдарынан браконьерлік фактілері жиіледі. Осылай деген сенаторлар депутаттық сауалында бақылауды күшейтіп, мониторингтің цифрлық құралдарын енгізуді ұсынды. Сонлай-ақ балық шаруашылығына бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қамту қажеттігін атады.
Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Комитеттің кейінгі үш жылдағы деректеріне сай, 84 мың тонна балық заңсыз айналымнан тәркіленді. Мысалы Жайсан көлінде көксерке көлемі 9,3-тен 4 мың тоннаға қысқарды. Кей жылдары 16 мың тоннаға бөлінген квота кезінде, 54,8 млрд теңгеден астам сомаға шамамен 32 мың тонна көксерке экспортталған. Бірақ бұл рұқсат етілген балық аулау көлемінен 2 есе көп. Бірқатар аймақта браконьерлік фактілерден келген залал көлемі айтарлықтай артты. Бұл тұста экспортты нақты ауланған балық көлеміне сәйкестердіре отырып шектеу, субсидиялаудың ашықтығын арттыру және мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау қажет.