Павлодарға баратын жол қашан жөнделеді?
Павлодар облысында республикалық маңызға ие жолдардың жай-күйі тексеріліп жатыр.
Өйткені қар кетісімен ой-шұңқыр көбейіп, көлік қозғалысы қиындады. Тұрғындардың осыған шағымы көп. Енді жол қашан жөнделеді?
Еріген қар суынан биыл да көлік жолдарына залал келді. Әсіресе республикалық маңыздағы күре жолдардың бүлінген жері көп. Тұрғындар ой-шұңқырлы жолда бұзылған машинасын фотоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялауда.
БЛИЦ
- Дорогу делают, сами видите, дорога в каком состоянии. Вот работают, думаем будет лучше.
- Если оценивать по 10-балльной системе, я считаю, что это твёрдая двоечка, тут ни добавить ничего, ни убавить.
Жол-техникалық инспекциясы жыл басынан бері аймақта 470 жолдың жай-күйін тексеріп, нәтижесінде бірнеше жауапты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Анықталған ақауларды жою жұмыстарының тым ұзаққа созылмауын полиция жіті бақылап отыр.
Арман Қарыбаев, ПД жол-техникалық инспекциясы бөлімінің аға инспекторы:
- По результатам обследования автодорог республиканского значения. Жолдардың күтіміне жауапты мекемелерден 8 адамға әкімшілік шара қолданылды. Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына бақылау кезінде анықталған ақаулықтарды жедел жоюға нұсқаулық жолданды.
«ҚазАвтоЖол» филиалының дерегінше, жолдардың мерзімінен бұрын тозуына бірнеше фактор тікелей әсер етеді. Мәселен, ауа райы құбылмалы өңірде көлік қозғалысы тым қарқынды. Әсіресе жүк таситын ауыр машиналардың жиі жүруінен трассаларға нұқсан келеді. Жол мамандары көктем басталған бойда бақылау жүргізіп, жөндеуді қажет ететін аумақтарды белгілеп шыққан.
Қизат Жақыпов, "Қазавтожол" ҰК" АҚ филиалы директорының орынбасары:
- Республикалық желі жолдарын қарау барысында жол белгілерін ауыстыру және жөндеу, ой-шұңқырларды бітеу жұмыстары жасалатын жерлер белгіленді. Бүгінге дейін жалпы көлемі 21,5 мың шаршы метр болатын аумақта бақылау жүргізілді. Қалпына келтіру жұмыстары мамыр айында аяқталады.
Қазіргі уақытта жолдарды жөндеу жоспарланған кесте бойынша жүріп жатыр. Мамандар ақаулық жиі анықталған күре жолдарды бірінші кезекте қалпына келтіруге ниетті.
Талғат Исламұлы, Валентина Леонова, Дәулет Қошқарбаев, Марат Игіліков