Шымкенттегі шағын ауданда тазалық шарасы өтті
Шымкенттегі қарқынды дамып келе жатқан «Нұртас» шағын ауданында, тазалық шарасы өтті.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көшелер мен арықтар күл-қоқыстан тазартылды. Эко-белсенділер 80-ге жуық қарағаш көшетін екті. Шараға AMANAT партиясының өкілдерімен қатар мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, жастар және коммуналдық сала қызметкерлері атсалысты.
Ербол Байқонысов, AMANAT партиясы қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
- Бұл экологиялық акция әр бейсенбі сайын жалғасатын болады. Өйткені қала тұрғындарын және қаламызды экологиялық таза қалаға айналдыру барысында жұмыс жасап келе жатырмыз. Барлық тұрғындарды, қала қонақтарын қаланы таза ұстауға шақырамыз.