Сергеев су қоймасы ернеуінен асты

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы ернеуінен асты.

Синоптиктердің мәліметі бойынша қазір Есіл өзеніне бөгет үстімен ағып жатқан судың деңгейі 46 сантиметрге жеткен. Биыл гидрологиялық нысанға 2,6 млрд текше метр су келеді деген болжам бар. Бүгінгі таңда қардың күрт еруінен Есіл өзені мен сай саладағы су тез көтерілді. «Бірақ бұл қауіпті емес», дейді мамандар. Өңірде көктемгі тасқынға байланысты 112 елді мекен бақылауға алынған. Қазір өзен-көлдерде мұз сөгіліп, сең жүріп жатыр. Облыс бойынша жедел әрекет ету топтары құрылып, су басуы мүмкін аймақтарға жөнелтілді.