Сот жүйесінің кадрлық әлеуеті артты
Сот жүйесінде кадр тапшылығы мәселесі шешілді.
Жоғарғы сот Кеңесінің мәліметіне қарағанда, кейінгі бес жылда шалғайдағы бос тұрған 64 судъя лауазымына мамандар тартылды. Конкурстарды өткізу мерзімі 6 айдан 2 айға дейін қысқартылған. Біліктілік емтиханын ұйымдастыру тәртібі де қайта қаралды. Соның ішінде судъя лауазымына алғаш рет үміткер болғандарға талап күшейтілді. Ал тест сұрақтары 300-ден 1 мыңға дейін көбейтіліп, олар кездейсоқ тәртіппен ұсынылады. Кеңестің заңгерлік қауымдастықпен өзара іс-қимылының нәтижесінде кандидаттар пулы едәуір ұлғайды. Адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары мен заң консультанттары үшін 40-тан астам семинар өткізілды.
Жанат Оспанова, ҚР Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі:
- Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша судьялардың табиғи кемуіне және жаңа кассациялық соттардың құрылуына қарамастан Жоғарғы Сот Кеңесі бос судьялық орындардың өсу үрдісін тоқтатып, кадрлық жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізді. Жыл қорытындысы бойынша судьялар санының өсімі 130%-дан асты.