Жол ережесін бұзған көліктер эвакуацияланады

23 сәуірден бастап елордада жүргізушілер ереже бұзған жағдайда айыптұрақтан бөлек көлікті эвакуациялау үшін де ақы төлейді.

Сөйтіп, тыйым салынған орындарға қойылған, мысалға жаяу жүргіншілер өткелдері, мүгедектерге арналған тұрақтарды бөгеген көліктер эвакуацияланады. Шығын мөлшері - 3 айлық есептік көрсеткіш, яғни 12 975 теңге.  Ал айып тұрағында уақытша сақтау төлемі көлік санатына және оны сақтау мерзіміне байланысты болмақ. Мәселен, жеңіл көліктер үшін алғашқы тәулік - 3 айлық есептік көрсеткіш, кейін 5 айлық есептік көрсеткішке өседі. Ал жүк көліктері мен тіркемелер үшін тарифтер жоғары.