Бас шаһарда балалар спектакль қойды
Астанада «Шуылдақ шыбын» инклюзивті мюзиклі сахналанды.
Ерекшелігі сол, Корней Чуковскийдің бұл спектаклін аутизм спектрінің бұзылуы бар балалар ата-аналарымен бірге қойды. «Мейірімділік» ерікті қоғамы қоры жанындағы «Аутизмді жеңеміз!» орталығы мұрындық болған қойылымға 90-ға жуық адам қатысты. Көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.
Елордада аутизм спектрінің бұзылуы бар балалар, ата-аналарымен бірге бір сахнада өнер көрсетті. Олар ұсынған «Шуылдақ шыбын» инклюзивті қойылымы аутизм туралы дүниежүзілік ақпараттандыру айына орайластырылды. Мюзикл Болат Өтемұратов Қорының демеушілігімен өткізілді. Костюмдер сахналық әрі сен-сорлық ерекшеліктерді ескере отырып тігілген. Ал спектакльдің көркемдік шешімі, әр баланың жеке әле-уетін үйлесімді ашуға бағытталған.
Айнұр Кәрібозова, Болат Өтемұратов Қорының бас директоры:
- Қай сала болмасын қолдау көрсетсең, сол салада аутизм спектрінің, тіпті күрделі формалары бар кейбір жағдайларда балалар чемпион болып шығып жатыр. Спорт, өнер, білім саласы болсын тек ертерек қолдау көрсету керек.
Қор еліміздің 12 өңірінде 13 «Асыл Мирас» орталығын ашты. Соңғы 12 жыл ішінде осы аутизм-орталықтардың арқасында 20 мыңнын астам бала мамандырылғын көмек алды.
Аружан Саин, «Мейірімділік» Ерікті қоғамы» қорының директоры:
- Осындай көрсетілімдердің бірінде аутимзі бар баланың әкесі маған келіп: «Сізге айтар алғысым шексіз. Мен баламның жарқын болашағына 5-6 жасында балта шауып, ешқандай үміт артпадым. Кемел келешегіне күмән келтірдім. Өмір бойы оның қолынан ештеңе келмейді деп ойладым. Ал қазір залдан шыққанымда осы күнге дейін ұлыма сенімсіздік танытқандай әсерде болдым. Сөйтсем балалардың қолынан бәрі келетінін түсіндім. Оларды үнемі демеп отырудан біз шаршамауымыз керек», - деген ойын айтты.
Бұған дейін спектакль Алматыда аншлагпен өтіп, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Келушілер эмоциялық әсерімен бөлісті. Астанадағы көрсетілімнің деңгейі де жоғары болды. Еске сала кеткен жөн, инклюзивті қойылым Астана қаласы әкімдігінің және қалалық Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Авторлары: Мирлан Алтынбек, Досбол Бәйділдин, Бақытбек Нұртаев