Елде дезинформация таратқандар айыппұл арқалайды
Тіпті темір торға тоғыту жазасы да қарастырылған. Бұл жайлы қылмыстық және әкімшілік кодексте «тайға таңба басқандай» жазылған. Ал бүгінгідей ақпарат ағыны тым қатты шақта мұндай мәселе өте өзекті.
Адам күніне 12 сағат ақпарат тұтынады екен. Яғни осынша уақыт хабар алмасып, оны өз жақындарымен бөліседі. Бұл – өте үлкен көрсеткіш. Енді сол аралықта заң бұзып, жаза басып қалуыңыз әбден мүмкін. Себебі құқық қорғау қызметкерлері ақпаратты талғап тұтынуды, електен өткізіп барып бөлісуге шақырады. Себебі ол фейк болуы бек мүмкін. Ал заң білмей қалдым, байқамадым деген желеу жауапкершіліктен босатпайды.
Былтырғы сегіз айдағы статистикаға сүйенсек, елде жалған ақпарат таратқаны үшін 52 адам жауапкершілікке тартылған. Оның біреуі – қылмыстық, қалғаны әкімшілік жаза арқалады. Мәселен, 1 адам қамалды, 48 адамға 3 млн теңге айыппұл салынып, 3 адам әкімшілік қамауға алынды. Биыл да бұл көрсеткіш белең алып барады. Әсіресе жасанды интеллект арқылы жалған фото-видео жасап, жұртты алдайтын алаяқтар көбейген. Айталық, Семей қаласының тұрғыны нейро желінің көмегімен өндіріс орнын көлкіген су басқаны жайлы фото жасап, оны бөліскен. Алайда ақпарат жалған екені анықталып, жауапкершілікке тартылды.
Елдос Оразалин, Абай облысы ПД Семей қаласы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы:
- Фото материалдардың ЖИ технологиялар арқылы жасалғаны және шындыққа сәйкес келмейтіндігі анықталды. Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқан 27 жастағы ер адамды анықтады. Ол заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Жалған материалдарды, оның ішінде ЖИ көмегімен жасалғандарды тарату қоғамды жаңылыстыруы мүмкін. Тіпті әзіл ретінде жасалған жағдайда да ол үшін жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз.
Жалған ақпаратпен қатар заңға қайшы контенттердің де жолы кесіледі. Әңгіме, ойын бизнесі, пирамидалар мен түрлі күмәнді қаржылық ұйымдардың жарнамасы жайлы. Айталық, былтыр 25 мыңға жуық сайтпен әлеуметтік желілердегі аккаунттар жабылды. 15 мың ақпарат ресурстары бұғатталды.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Өткен жылдың өзінде әріптестеріміздің жүргізген жұмысының нәтижесінде заңсыз ойын бизнесінің белгілері бар 25 мыңға жуық сайт пен әлеуметтік аккаунтар, қаржы пирамидаларының белгілері бар 15 мыңға жуық ресурс, одан бөлек, жарты млн-ға жуық қатысушысы бар WhatsApp чаттар жабылоды. Демек жарты млн-ға жуық адамды аман алып қалсақ десек болады.
Түптеп келгенде түйткүлдің түйінін тарқату үшін тұрғындар цифрлық сауатты болу керек. Әрі мемлекет киберқауіпсіздік жайын жақсартуы шарт. Айталық, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанды кибер қауіпсіз ел деп таныды. Көшбасшылар көрсеткішінде тиэр екі санатына жатамыз.
Ырысты Жәлілханова, ҚР ЖИЦДМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басқарма басшысы:
- 2025 жылы киберқауіпсіздік бойынша 167 іс қаралды. Нәтижесінде 42 мыңға жуық айыппұл салынған. Киберқауіпсіздік кезінде қандай құзықбұзушылықтар қаралады десек, көбінде техникалық шаралар. Яғни үлкен мемлекеттік ұйымдардың, компаниялардың техникалық шараларға не құрлық әлсіз шараларды қолдану.