Риддерде жылу трассасы жаңартылады

Риддердегі жылу электр орталығын жаңғыртуды толық аяқтап, құбыр желілерін ауыстыру үшін Үкімет биыл тағы 2,5 миллиард теңге бөледі. Маңызды нысанда 4 жылдан бері күрделі жөндеу жүріп жатыр.

Оған дейін апатты деп танылған орталықтың жұмысы реттеліп қалды. «Дегенмен әлі де атқарылатын шаруа жетеді», - дейді жауаптылар.Енді жылу трассаларын жаңғырту жұмысы басталады. Биыл 12 шақырым жылу құбыры ауыстыралады. 

Қысы алты айға созылатын Риддерде жылыту маусымы әлі аяқталған жоқ. Жылу энергия орталығы қыстың аязды күндерің қалыпты өткерді. «Станцияда күрделі апат тіркелмеді», - дейді мамандар. Себебі маусым басталғанша қазандықтар мен жылу турбиналары күрделі жөндеуден өтті. 20 шақырым желі жаңғыртылды. 3 жыл бұрын қыс мезгілінде ірілі-ұсақты 60 апат тіркелетін, биыл тек 3 жағдай болған. Жылу трассасының тозу көрсеткіші де 30 процентке азайды.

Кирилл Голота, қалалық Жылу энергия орталығының директоры: 

- Биылға жоспарланған жаңғырту жұмыстары да ауқымды. Әсіресе жылу тарату желісінее басымдылық беріп отырмыз. Қала бойынша ең маңызды деген 12 учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Көпқабатты үйлердің біразы жаңартылған жылу трассасына қосылды. Тұрғындар да үйдің  жертөлесіндегі ішкі желіні   ауыстыруға ат салысып жатыр.

Галина Серохвостова,  қала тұрғыны:

- Біз  өзіміз слесарь шақыртып жертөледегі ескі құрылғыларды ауыстыртып, алдық. Есесіне пәтеріміз жылы, қыстан тоңбай шықтық.

«Баспана жылы болу үшін, тек орталық жылу станциясын  жөндеу аздық етеді», - дейді мамандар. Қаладағы тұрғын үйлердің біразы ескірген. 50 жыл бұрын салынған үйлердегі желілер тоза бастаған, сондықтан жылу сақтау қабілеті төмендеген.

Евгений Данилов, слесарь:

- Үйдегі жылу тораптарынан да  кедергі туындап жатады.Тұрғындардың көбі түсіністік танытып, жөндеуге тырысады. Дегенмен  кетеуі кетіп тозып тұрған желі немесе құбыр болса оларды кейінге қалдырмай бірден ауыстырған дұрыс.

Жылу энегрия   орталығын толықтай жаңғырту жұмысы Үкіметтің  назарында.   Биыл тағы  қомақты қаржы бөлінеді.

Қаныбек Төлеухан, қала әкімінің орынбасары:

- Биылғы 2025-26 жылғы жылу маусымы аяқталуға шақ қалды. Биылғы жылдың жылу маусымы тұрақты түрде жайлы өтті деп есептейміз. Мемлекет тарапынан биылғы жылдың құрылыс жұмыстарына,ТЭЦ-қа біздің жылу оратлығына,құбырларына  2 миилаирдттан астам қаражат қарастырылып отыр. Біздің енді қазандығымыз жылу орталығымыз бұрынғыдай қызыл аймақтан шығып,қазір жасыл аймаққа қарай өтіп бара жатырмы десек болады.

Жалпы елімізде тозығы жеткен 37 жылу станциясының 10-ы әлі апатты нысандар тізімінде тұр. Қалғандарында жаңғырту жұмысы кезең-кезеңмен жүргізілуде.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин