Жолдау-2026: моноқаланың жаңа мүмкіндіктері
Риддерді Өскеменмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр. Шағын қаланың дамуына мүмкіндік мол, деп хабарлайды 24KZ.
Құрылтай депутаттарының пікірінше, Риддердің болашағы тек өнеркәсіп саласымен шектелмейді. «Мемлекет басшысы Жолдауында өңір экономикасын әртараптандыру мәселесіне ерекше назар аударды. Риддер секілді моноқаланың дамуы мен көркеюіне туризмнің де үлесі зор», – деді халықпен кездескен жұмыс тобының өкілдері. Саяхат саласын дамытуға инвесторлар тарту үшін ең алдымен сапалы көлік-логистика инфрақұрылымы қажет. Қазір Ресей шекарасына дейін жаңа автожол салу жоспарланып отыр. «Бұл болашақта көлік қозғалысын жеңілдетіп, кептеліс мәселесін азайтуға мүмкіндік береді. Ал қаланы көркейтуге бағытталған жобалар тұрғын санының артуына да ықпал ететіні сөзсіз», – дейді депутаттар.
Олжас Нұралдинов, Құрылтай депутаты:
– Ең біріншіден, мына қазіргі инфрақұрылым жүйесін дұрыстау керек. Ол ТЭЦ-тің мына жаңғыртуын тезірек бітіріп, адамдардың қауіпсіздігіне де дұрыс нәрсе – сол ТЭЦ-ті жөндеу. Содан кейін инфрақұрылым мәселелерін істеу, былтыр осы Риддер қаласында үлкен аурухана іске қосылды. Содан кейін мектеп ашылды.