Биыл 50 су айдыны тазартылды

Көктем туғалы елімізде 50-ге жуық су айдыны тазартылды. Оның ішінде 19 су қоймасы мен 30 бұлақ бар.

Бұл Су ресурстары және ирригация министрлігі 23 наурыз күні бастаған мөлдір бұлақ акциясы аясында қолға алынған. Бірінші кезеңінде оңтүстіктегі бес өңір қамтылды. Жамбыл, Жетісу, Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы су қоймалары қоқыстан тазартылып, бұлақтардвң көзі ашылды. Экологиялық министрлік қызметкерлерімен қатар шараға «ҚазСуШар» мекемесі, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және белсенділер қатысты. Екінші кезеңінде еліміздің өзге өңірлерін толық қамту жоспарланып отыр.

Азамат Қаратаев, ҚР СРИМ Жерасты суларын іздеу және барлау басқармасының бас сарапшысы:

- ҚазСуШар мекемесінің Ақмола облыстық филиалымен Астана су қоймасын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта екі техника көмегімен бұл жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы 50 мың тоннаға дейін лай, қоқыс алыну жоспарлануда. Бұл өз кезегінде 47 млн текше метр су көлемін сыйымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.  

Сондай-ақ жыл сайын дәстүрге айналған «Таза су айындары» акциясы бар. Бұл бастама экологияны жақсартып, су қоймаларын қорғап, табиғи ресурстарымыздың көбеюіне қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Балық шаруашылығы комитетіне қарасты облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары былтыр аталмыш акцияны 8 мәрте өткізді. Нәтижесінде 190 тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылды.

Аян Бахиянов, ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасы орынбасары:

- Бізде географиялық және климаттық жағдайға қарай бүгінгі таңда акция оңтүстік өңірлерде ғана өтіп жатыр. Арал-Сырдария бассейнінде және Балқаш іле бассейнінде. Атап өтсек, Қапшағай су қоймасы, Арал-Сырдария бассейнінде,  Сырдария өзені, Арал теңізі. Алматы облысында Қапшағай су қоймасы, Іле өзені. Олардың мұздары кетті. Мұз кеткеннен кейіін бізде осындай шараларды ұйымдастырып, инспекция тарапынан өткізіп жатырмыз.