Қызылорда облысында топтық су құбыры жаңғыртылады
Қызылорда облысында Арал-Сарбұлақ топтық су құбыры тозған. Жүйе Арал мен Қазалыдағы 160 мың тұрғынды ауызсумен қамтып отыр.
Құбырдың тозу деңгейі 80 пайыздан асқан. Соның салдарынан апат жиі боп тұрады. Қазір нысанды жаңғырту басталды. Былтыр 23 шақырым құбыр тартылса, биыл тағы 10 шақырым салынған. Жоба 2029 жылға дейін жалғасады.
Бауыржан Ізмағамбетов, Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:
– Осы ретте мәселені шешу мақсатында қолданыстағы су құбырының қасына түсетін бұл екінші нитка дейміз ғой, екінші желі болып табылады және су құбырының сапасы әлдеқайда біршама жоғары болады.