Ақмола облысында су тасқынына байланысты жағдай тұрақты
Ақмола облысында тасқын қаупі сейіліп, жағдай тұрақталып келеді. Қазір Қалқұтан мен Жабай өзенінің деңгейі төмендеді.
Өңірде су тасқынына дайындық жұмыстары былтырдан бері жүргізіліп келеді. Тасқын қаупі жоғары өзендердің 60 шақырымға жуық арнасы тазартылып, түбі тереңдетілді. Одан бөлек 17 гидротехникалық нысан жаңғыртылды. Нәтижесінде биыл бірде бір ауылға су кірген жоқ, - дейді жауаптылар. Қазір құтқарушылар мен жергілікті билік өкілдері тәулік бойы өзен-көлдердегі жағдайды қатаң бақылап отыр.
Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
- Астрахан ауданында қауіп жоқ. Бүгінгі міне көріп отырсыздар 10 сантимертге судың жанағындай деңгейі төмендеді. Су ағысы жақсы. Өзі екпінімен кетіп жатыр. Бұл су Есілге барып, құйылып жатыр. Сондықтан елді мекендерге қауіп жоқ деп нақты айта аламыз.