Павлодар облысында су құзғындарының саны реттеледі
Павлодар облысында су құзғындарының саны реттелмек.
Осыдан үш жыл бұрын Ертіс өзенінде жүргізілген санақ кезінде олардың саны шамамен 15 мың болған. Топтасып тіршілік ететін бұл құстар тек балықпен қоректенеді. Мамандардың айтуынша, ол су биоресурстарына айтарлықтай зиян келтіріп, паразиттік аурулардың таралу қаупін арттырады. Былтыр өңірде 3 мыңнан астам құс ауланса, биыл 860 құзғынды жою және жұмыртқалау процесін бақылау ұсынылып отыр. Құстардың саны ату және жұмыртқаларды өңдеу арқылы азайтылады. Бұл жұмыстар көктемгі санақтан кейін басталады. Осы мақсатқа облыс бюджетінен 7 млн теңге бөлінді.
Жасұлан Жұмашев, Қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:
- Қазіргі кезде жаңа тәсіл енгізейін деп жатырмыз. Ол су құзғындарының ұясындағы жұмыртқаны арнайы маймен майлап, жұмыртқаның ішіндегі эмбрионға кислородын бермеу. Солай жұмыртқаны өлтіру, бірақ құс оған алданып, ары қарай ұясын сақтап тұруға тырысады. Себебі су құзғындарының келген саны бір қалыпты болады ал өсімі азаяды.