Қазақстан кофе экспорттайды

depositphotos.com

Әлемде кофе қымбаттады. Бұл Қазақстанды да айналып өтпегені анық. Дегенмен, елде сергітетін сусынды тұтыну көлемі еселеп артып келеді. Бір айта кетерлігі, Қазақстан кофе импорттап қана қоймайды, сонымен бірге экспорттайтын елдердің бірі. 

Былтыр бұл көрсеткіш екі есе өсіп, 6,96 млн долларға жеткен. Кофе саудасының қызуына Ресей, Тәжікстан, Моңғолия тарапынан сұраныстың артуы себеп. Импорттаушылар қатарында Франция да бар. Бұған дейін Өзбекстан, Әзербайжан, Молдова, Грузияға жеткізілетін. Әлбетте кофе импорты да бәсеңдеген жоқ. Былтыр 47 млн долларға өнім сатып алдық. Бұл алдыңғы жылдан 67 пайыз көп. Бразилиядан тасымал 2 есе өсті. Жалпы құны 8 млн доллар. Негізгі жеткізушілер сапында Ресей, Италия,  Эфиопия, т.б. елдер бар. Тек Угандадан әкелінетін кофе сұрпы сиреді. Осылайша былтырғы кофе нарығы 54 млн доллардан асқан. Сауда-саттық көлемі 71 пайызға өсті. Қазір елде 50-ден аса кофе түрі сатылады. 

Былтыр кофе саудасы 71,2%-ға өсті

экспорт:

Ресей – 6,25 млн (89,8%)
Қырғызстан – 323,2 мың (4,6%)
Моңғолия – 127,6 мың (1,8%)
Өзбекстан – 94,8 мың (1,4%)
Тәжікстан – 58,5 мың (0,84%)
Түрікменстан – 54,9 мың (0,79%)
Әзербайжан – 47,8 мың (0,69%)

Импорт:

Бразилия – 15 млн (31,4%)
Ресей – 14,4 млн (30,2%)
Италия – 7,89 млн (16,5%)
Нидерланды – 1,4 млн (2,9%)
Эфиопия – 1,18 млн (2,5%)
Германия – 1,14 млн (2,4%)
Колумбия – 889,7 мың (1,9%)