Астанада неврология саласындағы білікті мамандар тәжірибе алмасты

Елде инфаркттан болатын өлім 3,2 пайызға, ал инсульт салдарынан болатын өлім-жітім 25 пайызға төмендеді.

Бұл туралы бас қалада өткен цифрлық трансформация дәуіріндегі пәнаралық неврология: мәселелер мен инновациялық шешімдер атты жиынды айтылды. Шараға отандық және шетелдің білікті мамандары қатысты. Олар өзара тәжірибе алмасып, жаһанда сирек кездесетін ауруларға ерекше назар аударды. Яғни олардың диагностикасы, генетикалық аспектілері, қауіп-қатерді басқару және медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды.