Премьер-министр АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті.
Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, цифрландыру, жасанды интеллект және ғарыш саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Олжас Бектенов "Қазақстан-Америка ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын" атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 3 млрд долларға жетті. Ал биылғы екі айда 487 млн долларды құрады. Кездесуде АҚШ-тың Қазақстан экономикасындағы негізгі стратегиялық инвесторлардың бірі ретіндегі маңызы аталып өтті. Қазір елде америкалықтардың қатысуымен 600-ден астам компания жұмыс істеп жатыр.