Шаруалар үйде отырып білім алады
Фермерлер заманауи ауыл шаруашылығы бойынша білім ала алады. Бұл үшін «Агробілім» цифрлық платформасы іске қосылған.
Шаруалар мал, өсімдік және балық шаруашылығы бойынша бейне дәрістерге қатысып, кейін тест сұрақтарына жауап береді. Сыннан сүрінбегендер сертификат алады. Жобаны ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған. Қазір елде 217 мыңнан аса ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші бар. Алайда көбінің тиісті білімі жоқ. Цифрлық платформа осы олқылықты түзеп, қажетті дағдыны аз уақытта меңгеріп, біліктілікті арттыруды көздейді. Жоба аграрлық ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруға да сеп.
Максим Сутула, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Өсімдік, малшаруашылықтарына қажет агротехнологиялар, осының бәрін үйретеміз. Бұл бизнесті кеңейтуге ықпалын тигізеді. Өйткені кәсіпкерлердің көбі бір сатыдан аса алмай отыр. Осындай мәселелерді шешу үшін біздің ғалымдарымыз жақсы ұсыныстар дайындады.